RU

Алтынай Жорабаева әйгілі түрік қасапшысы Нұсретпен кездесті (видео)

Алтынай Жорабаева мен Нұсрет Гөкше
Видеодан кадр: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева Стамбұлда өткен демалысындағы қызықтарымен енді ғана бөлісуде. Өнер иесі Түркияда болған кезінде аты әлемге әйгілі қасапшы Нұсрет Гөкшемен кездескен деп жазады KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева Стамбұлда Нұсреттің мейрамханасына арнайы ат басын бұрып, оның ерекше тәсілмен әзірлейтін етінің дәмін татып қайтқан. Өнер иесі белгілі қасапшымен көріскен сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялап қойған.

Бейнежазбада Жорабаева өзіне Нұсреттің өзі ет турап жатқанына бала секілді қуанған. Қасапшы сырты алтын түстес затпен қапталған етті кесіп, артынан дәстүрлі түрде тұз шашқан.

Эстрада жұлдызы бұл кездесуден ерекше әсер алып, оны өзінің жеке парақшасында жазба ретінде жариялаған. Оның айтуынша, Нұсрет те бұл жетістікке ұзақ жылдар бойы еңбектеніп бір-ақ келген.

"Тағы Стамбулдан естелік көрейі. Мынау Нұсрет деген аспазшы қаншама қиындықтарды басынан өткеріп, естуім бойынша 5-ші сыныптан кейін мектепті жалғастырмапты. Біраз аспазшыларға көмекші болып, ауыр жұмыстар жасап жүріп, керемет аспазшы болуды армандаған екен. Міне,қазір Нұсреттің рецептімен дайындалған дәмін ,әлемнің түкпірінен келген қонақтар толассыз келіп, дәм татуда Дұға жасап,ниет етіп,амал жасаған құлына Алла әлбетте нығметін берудеә , - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да Түркияда Нұсретпен кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884813-altynaj-zorabaeva-jgili-trik-kasapsysy-nsretpen-kezdesti-video/