RU

Анасын құшақтап ұйықтаған Жазира Байырбекова елді тәнті етті (фото)

Жазира Байырбекова анасымен
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова анасымен түскен суретін жариялап, ел жүрегін елжіретті. Желідегілер анасы мен қызының махаббатына аса тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында анасымен түскен фотоларын жариялап, оқырмандарын бір қуантты. Өнер иесі анасын қатты құшақтап ұйықтап жатқан фотосын ел назарына ұсынып, ол туралы қызықты мәліметпен бөлісті.

Белгілі болғандай, әншінің анасы Алматыға балаларына келіп тұрғанымен, олардың қасында көп болмайды екен. Ол кісі бірнеше күннен соң, келінін сағынғандықтан өз үйіне қайтқысы келетінін айтатын болып шықты.

"Мамам Алматыға келсе “Шолпанымды сағындым,Шолпансыз ешқайда барғым келмейді” деп қайтуға асығады. Мұндай сабырлы,мейірімді келін әрбір ата-ененің бағы.Анамның жанында осындай алтын жеңгемнің болғаны үшін Аллаға шүкір! Ата-аналарыңызбен бірге тату-тәтті тұратын,шәйін құйып беретін келіндер мен жеңгелерден айналып кетесің" , - деп жазды Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұған дейін қызымен ойнаған Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың видеосы тарап, елді сүйсіндірген болатын. Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызы жұптардың бірі отбасылық видеомен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты.

Сонымен қатар, Жазира Байырбекова отағасы Жанболат Ербатыровты туған күнімен ерекше құттықтап, желіде оған жүрекжарды жазбасын арнаған болатын. Ол өзінің бүгінгідей әнші әрі тұлға ретінде қалыптасуында жолдасының үлесі зор екенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884833-anasyn-ksaktap-jyktagan-zazira-bajyrbekova-eldi-tnti-etti-foto/