jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі отандық блогер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (фото, видео)

    Дархан Жолшыбеков пен Дариға Нүркеева
    Фото: Instagram/darhanzholshybekov

    Отандық танымал блогер Дархан Жолшыбеков өзінің сүйген аруына туған күіннде үйленуге ұсыныс жасаған. Желі жұлдызы бұл ерекше сәтті естеқаларлықтай ету үшін барын салған. Оның таңдауы жастар арасында аса танымал әнші "Daricorn"_ға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дархан Жолшыбеков пен Дариға Нүркеева өз қарым-қатынастарын барынша жасырып жүруге тырысты. Алайда, қос ғашықтың белсенді жанкүйерлері оларды үнемі бірге көріп, араларында достықтан артық сезім бар екенін бұрында-ақ байқаған.

    Нәтижесінде белгілі блогер мен әнші арудың махаббат хикаясы енді жаңа отбасыныі туындауына себепкер болды. Күні кеше желі жұлдызы жүрегін жаулап алған қызының туған күнінде батыл қадамға барып, оған үйленуге ұсыныс жасаған.

    Дархан Жолшыбеков Дариғаны тікұшаққа отырғызып таңғалдырмақ болды. Қос ғашық аспанда ұшып келе жатқанда олардың жақын достары "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазбасы бар үлкен плакатты ұстап тұрған. Бұл тосын сыйды көрген "Daricorn"-ға сүйіктісі бірден сақинасын ұсынып, өзінің жары болуын сұрайды.

    Әнші ғашығына "иә" деп жауап берді. Олар жерге қонып, тікұшақтан түскен бойда ұсынысқа атсалысқан барша достарының құттықтауларын қабылдауға көшеді. Жиналған көпшілік ғашықтар үшін ерекше қуанып, өз ақ тілектерін білдірді.

    Дархан Жолшыбек өміріндегі аса бақытты сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

    Айта кетейік, күні кеше "Бір болайық" бағдарламасында да жаңа жанұя құрылды. Жоба қатысушысына әнші жігіті тікелей эфирде көптің көзінше үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алады.

    Белгілі отандық блогер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.