Жанар Дұғалова анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Жанар Дұғалова анасын жаңа жасымен құттықтап, оған жақындарымен бірге ерекше тосын сый жасады. Өнер иесі анасының туған күнін қалай атап өткендерін әлеуметтік желіде көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Дұғалова анасын туған күнімен құттықтаған сәтімен Instagram желісінде бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы жариялаған бейнежазбадан оның бір топ туысқандарымен бірге пәтерге кіріп, ерекше тосын сый ұйымдастырғандарын көруге болады.
Туған күн иесін арнайы құттықтауға келгендер оған гүл шоқтары мен шарларды тарту етіп, дәмді әрі үлкен торт алып келген. Дұғалованың анасы түнгі уақытта қонақтарды мүлдем күтпегені байқалады. Ол қызы мен жақындарын көрген бойда өз таңданысын жасыра алмады.
Туған күн иесі өзінің көңілін көтеру үшін келгендердің әрқайсысын бетінен сүйіп, өз алғысын білдірді.
Жанар Дұғалова әлеуметтік желіде ел назарына ұсынған видеосының астаны қысқа әрі әсерлі жазба қалдырып кеткен.
"Анашым, туған күніңмен. Сен менің өмірімдегі барымсың" , - деп жазған өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Жанар Дұғалова жерде отырып билегені үшін желі қолданушыларының қызу талқысына түскен болатын. Көпшілік өнер иесінің ашық образын қатты сынға алған.
Сонымен қатар, әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында анасын құшақтап ұйықтап жатқан фотосымен бөлісіп, оқырмандарын тәнті еткен еді. Халық қызы мен анасының махаббатына сүйсінген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885230-zanar-dgalova-anasyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady-video/