RU

Қолы ашық Джордж Клуни 14 досына миллион доллардан таратып берді

Джордж Клуни
Фото: delo.ua

Голливуд актері Джордж Клуни достарына 14 миллион доллар сыйға тартты. Бұл туралы актердің өзі GQ журналына берген сұхбатында айтып берген деп жазады ren.tv.

2013 жылы бойдақ болған Клуни жақын достары оған өте қымбат екенін түсініп, оларға ерекше тосынсый жасамақ болған. Ол достық үшін алғыс айтудың ерекше жолын таңдайды.

"Менің барым осы адамдар деп ойладым. Соңғы 35 жыл ішінде олар маған, қанша дегенмен, өте көп көмектесті. Өзімді нашар сезінген кезде олардың үйінде түнейтінмін. Мен олардан қарызға ақша алдым. Олар маған көмек керек кезде қашан да жанымнан табылатын. Мен де оларға, мүмкіндігінше көмектесетінмін. Біз жақсы доспыз", - деді Клуни.

Ол 14 миллион долларды қолма-қол ақшаға айналдырып, шабадандарға салып, достарын үйіне шақырған. Достарына барлық жақсылықтары үшін алғыс білдірген Клуни олардың қолына ақшаны ұстатып қоя берген.

Онымен қоймай, актер барлық достарының есімін өз мүліктеріне мұрагер етіп жазғанын жасырмады.

Еске салсақ, бұған дейін біз "Борат" фильмінің кейіпкері кенеттен 105 мың долларға байып шыға келгенін жазған едік.

Одан бөлек, ұзын шашын қиып тастаған Киану Ривз адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған болатынбыз. "Матирцаның" жалғасына түсу үшін ұзын шашын шорт қиған Киану Ривз көпшіліктің назарына ілігіп, суреттері желіге тарап кеткен еді. Желі қолданушылары актердің сымбаты шашын қиса да жоғала қоймағанын айтуда.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885469-koly-asyk-dzordz-kluni-14-dosyna-million-dollardan-taratyp-berdi/