RU

"Сертімде тұрамын": Әлия Ануарбек марқұм жолдасына жазба арнап, елді жылатты

Әлия Әнуарбек жолдасымен
Фото: Instagram/aliya_anuarbek

Отандық танымал актриса Әлия Ануарбек марқұм жолдасына жантербірентерлік жазба арнап, желі қолданушыларын жылатты. Киножұлдыз күйеуімен соңғы рет сөйлескен сәтін есіне алып, оған қандай серт бергенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлия Ануарбек жолдасына деген сағынышын Instagram желісінде жеткізуде. Белгілі актриса марқұм күйеуіне бірнеше әсерлі жазба арнап, оның қандай адам болғанын айтты.

"Бүгін менің жолдасым, жан досым, балаларымның әкесі 35 жасқа келер еді. Бүгін ішімдегі жан сырымды айтқым келіп отыр. Азамат екеуміздің махаббат хикаямыз біреуге көмегін тигізіп, жақсылыққа жетелей түсер. Маған бұған дейін жаратушы Азамат секілді адамдарды өзгелердің өмірге деген көзқарасын өзгерту үшін жіберетінін айтқан болатын. Сіздердің де орталарыңызда сондай адамдар бар екеніне сенімдімін. Маған да оны танып білу мен сүю бақыты бұйырды. Мен Азаматтың басқалардан ерекше екенін және бұл өмірге бекерден бекер келмегенін білдім. Ол бізге қоршаған ортаны, жақындарымызды, отбасыны, достарды бағалау керек екенін ұқтырды.

Қыздарым әкелерін көріп, оның қандай керемет жан болғанын біліп үлгерді. Азамат олар үшін барлық жағдайды жасауға тырысты. Ол керемет әке болды. Онымен ойнау балаларға қатты ұнайтын. Ол өте көңілді адам еді. Жолдасым балалармен ойнағанда өзі де бала секілді болып кететін. Екеуміз соңғы рет тілдескенде мен оған қыздарымызды жақсы адам етіп тәрбиелеп шығатынымды айттым. Ол болса, маған "ол жағына уайымдамаймын да, саған сенімдімін" деді. Мен саған берген бұл сертімде міндетті түрде иұрамын" , - деп жазды Әлия Ануарбек.

Жазбасының соңында актриса өзіне көңіл айтып, қолдау білдірген барша жандарға алғысын айтты.

Айта кетейік, актриса Әлия Ануарбектің жолдасы 17 қыркүйек күні қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885993-sertimde-tramyn-lia-anuarbek-markm-zoldasyna-zazba-arnap-eldi-zylatty/