RU

Гүлмира Дайрабаева вайнер ұлының сүйіктісі туралы қандай ойда екенін айтты

Артур Асқарұлы мен Индира Еділбаева
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева вайнер баласының жеке өміріне қатысты ойын айтты. Ол тұңғышы көп уақытын әнші Индира Еділбаевамен өткізіп жүргенінен хабардар болып шықты. Жұлдызды ана олардың жұптасуына қатысты пікірін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Дайрабаева ұлы болашақта жары ретінде қай қызды таңдаса да оны жақсы қарсы алатынын алға тартты. Ол баласы сүйіп қалған аруды өзі де қатты жақсы өкретін болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, тележүргізуші ұлының таңдауы әнші Индира Еділбаеваға түскен жағдайда ойы қандай болатынын ашып айтты. Дайрабаева ерекше дауысты бойжеткен өзіне келін болып түссе, қуана қабылдаймын деді.

Ол тұңғышының жеке өміріне қатысты тың деректермен "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

"Негізі, мен Индира келін болса мен қарсы емеспін. Бірақ, біз Артур екеуміз дос ретінде араласамыз. Ол балам 14 жасқа келгеннен бастап, маған үлкен ер азамат секілді көрінді. Сол кезден-ақ оның жеке ойы, өз шешімі бар дегенге келіп, оған екі жүз пайызға сенемін. Ал оның болашақта сүйіп, отбасымызға келін етіп түсіретін қызын мен өзім төрт жүз пайызға жақсы көремін деп айта аламын.
Ал енді ол қызы Индира бола ма әлде басқа біреу бола ма оны мен білмеймін. Ол тек Артурға ғана аян. Алайда, ол алып келетін аруды мен өліп жақсы көретін боламын. Негізі мен одан жеке өмірі туралы көп сұрай бермеймін. Артур өзі көп сөйлемейтін жігіт. Қажеттісін айтып отырады. Ер азаматтың сабырлы болғаны дұрыс. Қыздардың құлағына алтын сырға" , - деді Дайрабаева.

Айта кетейік, Артур Асқарұлы мен Индира Еділбаеваны соңғы уақытта бірге көп байқап жүрген жұртшылық олардың кездесіп жүргенін болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886000-glmira-dajrabaeva-vajner-lyny-sjiktisi-turaly-kandaj-ojda-ekenin-ajtty/