Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі жолдасымен Мысырға демалуға кетіп қалды (фото)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеубаласы үйлену тойынан кейін бірге алғаш рет шетел асып, ерекше демалыс өткізуде. Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев бал айына бір өздері ғана аттанбаған. Олармен бірге Мысырға кімдер барғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Жақында ғана Түркияда ата-анасы мен сіңлісімен демалып келген Фариза Төреәлі тағы да шетел асты. Бұл жолы Төреғалидің қарындасы жолдасы Дархан Нортаевпен бірге Мысыр еліне демалуға аттанған.

Бұл қос ғашықтың үйлену тойынан кейінгі алғаш рет бірге шетелге шығуы болды. Жақсы демалыс өткізу үшін ерлі-зайыптылар Шарм-эль-Шейх қаласын таңдаған.

Жас жұбайлар Instagram желісінде барынша белсенділік танытып, оқырмандарымен бал айы қалай өтіп жатқанымен бөлісуде. Олар күнделікті желі қолданушыларына Мысырдағы қызықты оқиғаларын айтып, әсем жерлерді көрсетіп жүр.

Оған қоса, айта кетерлігі, Фариза мен Дархан шетелге бір өздері ғана шықпаған. Олармен бірге Төреғалидің кіші қарындасы Дина мен танымал жұлдызды фотограф Өсер де ілесіп барғаны белгілі болды.

Желі қолданушылары бірден оларды өзара қоса бастап, екеуінің кездесіп жүргенін болжады. Алайда, Дина Әлиханқызы бұл ақпаратты теріске шығарып, олардың ағасы мен қарындасы ретінде араласатындарын айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлінің жолдасынсыз Түркияға демалуға кеткенін жазған болатынбыз. Жақында ғана тұрмысқа шыққан бойжеткен отағасын Қазақстанда қалдырып, өз отбасымен Стамбұлға кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886601-fariza-treli-zoldasymen-mysyrga-demaluga-ketip-kaldy-foto/

pixel