Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос жанарына қауіп төнді: Ерлан Төлеутайға Мәскеуде күрделі ота жасамақ

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Мирас Асан

Кеше әлеуметтік желіде өнертанушы "Ерлан Төлеутай екі көзінен бірдей айырылып қалуы мүмкін" деген ақпарат тарады. Бұл деректі дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали де растады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Ерағамыздың (ред. Ерлан Төлеутай) қос көзі көрмей қалған. Бір көзі су қараңғы, екіншісіне бір аптаның ішінде ота жасамаса, одан да айырылу қаупі төніп тұр дейді.

Соған тез арада 3 миллион теңге қаржы қажет екен. Ота 7 желтоқсан күні Мәскеу қаласында жасалмақшы. Көрмей қалған көзінің орнына да гель құяды дейді. Онсыз орны үңірейіп қалмақ", - деді Ерлан Рысқали.

Оның сөзінше, көпшіліктен көмек сұрастырып жатқанын Ерлан Төлеутайдың өзі білмейді екен.

"Ол кісіге жердем үшін ақша жинауға кіріскенімізді естісе, бізге ренжуі мүмкін. Бірақ, басқа шара жоқ, уақыт өте тығыз!", - деген еді дәстүрлі әнші.

Ал бүгін әлеуметтік желіде Ерлан Төлеутайдың еміне қаражатты Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі бөледі деген ақпарат шықты. Белгілі журналист, ақын Мирас Асан парақшасында сүйінші хабарды бірінші болып қалың көпшілікке жеткізді.

"Күн жақсы жаңалықпен басталды! Аллаға шүкір! Алашқа тілекші, айтыстың аққуы Айнұр Тұрсынбаева әпкеміз сүйінші сұрай былай деп хабарлады. Хабарлап қана қоймай ағасына Айнұр ханым бар қаражатты тауып беруге бейіл екенін айтқан болатын. Ерлан Төлейтай ағамызға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының өзі тікелей қол ұшын беретін болыпты. Бұл – үлкен қуаныш! Министрімізге зор алғысымызды білдіреміз!

Осы іске себепкер болған барша тілектес ағайынға, мәселеге тікелей араласқан Дана Нұржігіт ханымға, ерекше рахметімізді жақсылықа жанашыр әншілер Роза Әлқожаға, Сейл Аяғанов бастаған барлық өнерпаздарға айтамыз", - деді Мирас Асан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жүздеген жетімге жанұя тауып берген белгілі журналист енді өзі көмекке мұқтаж екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886619-kos-zanaryna-kauip-tndi-erlan-tleutajga-mskeude-krdeli-ota-zasamak/

pixel