Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың ұлттық киіміндегі Ерке Есмахан елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Ерке Есмахан қалың көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Әншінің жанкүйерлері оның жаңа туындысымен қатар, клиптегі ерекше ұлттық образдарына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның "Еркелей берем" атты бейнебаяны барша көрермендерге жол тартты. Өнер иесі Youtube желісінде су жаңа туындысының тұсауын кескен.

Желі қолданушылары карантинге қарамастан жанкүйерлерін жаңа әндермен қуантып жатқан эстрада жұлдызының бұл жұмысына жоғары бағасын берген.

Сонымен қатар, желідегі көпшілік әншінің жаңа өлеңіне ғана емес, оның бейнебаяндағы ерекше образдарына тамсанған. Ерке Есмахан жаңа клипінде қазақтың ұлттық киімімен табиғат аясында бой көрсеткен.

Шоу-бизнес өкілі, кадрдан тыс фотолармен Instagram желісінде бөлісіп, оқырмандарының жылы лебіздеріне ие болған.

"Өте жарасымды. Сізді осынжай образда көрмегенімізге көп болып еді" , "Қазақтың ұлттық киімі недеген әдемі. Қыздары да көрікті" , "Жарайсың Ерке, аруларға осындай киімдерді насихаттау керек" , "Қазақ көйлек сізге өте жарасады" , "Мінсіз болып тұрсыз. Еңбегіңіз бағалансын" , "Бейнебаян да, ән де, образдар да күшті шыққан" , "Қазақстанның табиғатын да, қазақтың ұлттық киімін де көрсетті" , "Өнеріңіз шарықтай берсін. Өте сұлусыз" , "Сізді үнемі қыздарыма үлгі етемін" , - деп жазуда жұртшылық.

Айта кету керек, бұған дейін танымал отандық әншілер Мадина Сәдуақасова мен Индира Еділбаева да желіде ұлттық киімде түскен суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886661-kazakty-lttyk-kiimindegi-erke-esmahan-eldi-tnti-etti-foto/

pixel