Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамыз 11 жас": Журналист Нұржан Аташ алғаш рет әйелі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Нұржан Аташ әйелімен
Фото: Instagram/nurzhan_atash

Қазақстандық танымал журналист Нұржан Аташ алғаш рет өзінен әлдеқайда жас келіншегі жайлы бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Ақпарат өкілі 30 жасқа келгенде 19 жастағы аруды жар еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

30 жасына дейін сүйіктісін кезіктіре алмай жүрген Нұржан Аташтың жүрегін Алтынай есімді бойжеткен жаулап алған. Белгілі болғандай, ару небәрі 19 жаста. Ол жолдасынан 11 жас кіші болып шықты.

Белгілі журналист беташар тойына дейін ғашығы бар екенін жасырып келіп, ол туралы мәліметтерді тек дүбірлі шарадан кейін айтуды жөн көрген. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, ешкімге көрсетпей келген махаббатының қай жақтың тумасы екені мен өзінің осы жасқа дейін үйленбеуінің себебін айтып өтті.

"Алтынай жайлы көпшілігіңіз жиі қойған біршама сұрақтарға жауап беруді жөн санадым. Жаратқан жолықтырған жарымның жасы 19-да , арамыз 11-жас. 30-ға дейін неге үйленбей жүрсің дегеннің жауабы , бойжеткенін күткенмін-ау! Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны , туылған жері шырайлы Шымқала , шипалы мекен Сарыағаш-Абай. Қалай танысқаным , қарату жолындағы қадамдарым жайлы бәлкім жазармын , бәлкім жазбаспын" , - деп жазды Нұржан Аташ.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Нұржан Аташтың отау құрғанын жазған болатынбыз. 30 жасқа келіп үйленген шоумен көптен күткен үйлену тойын карантин салдарынан өзі армандағандай дүркіретіп өткізе алмаған. Ол тек ет-жақындарына беташар тойын жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886814-aramyz-11-zas-zurnalist-nrzan-atas-algas-ret-jeli-turaly-bar-syndykty-ajtty/