Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурак Озчивит пен Ләйлә Сұлтанқызының бірге отырған сәтінен видео тарады

Опубликовано:

Бурак
Фото: zabaka.ru

Әлеуметтік желіде отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен Түркияның жарқын жұлдызы Бурак Озчивиттің бірге отырған сәтінен ескі видео тарап, қызу пікірталас тудырды. Әйгілі түрік актері Қазақстанға екі рет келіп кеткен болатын. Бұл видео Бурактың елімізде қонақ болған кезінде түсірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram желісінің toiduman.kaz атты парақшасында жария болған видеода Ләйлә Буракты әңгімеге тартып, оны ұялы телефонына түсіріп жатқаны байқалады.

Видеоны көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазуда.

"Қашан келген? Қандай іс-шараға? YouTube-те бар ма", "Дәл қасында отырып, түсіргені несі", "Не айтып отыр оған, Ләйләнің сөзін түсінді ме екен?", - деп сұрақтарын жаудырды пікір қалдырушылар.

Айта кетсек, Бурак Қазақстанда екі рет болып қайтқан. Алғаш рет 2015 жылы елімізге келген актер Нұрлан Қоянбаев жүргізген "Түнгі студия" бағдарламасының қонағы болған еді.

Кейін 2019 жылы елордада өткен "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатында бой көрсеткен Бурак, артынша Ләйлә Сұлтанқызына "The Эфирде" сұхбат берген болатын.

Бурак Озчивит – танымал актер әрі модель ретінде әлем назарына іліккен. 2005 жылы түріктің ұлттық Best Model Of Turkey атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы Best Model Of The World сайысында жүлделі орынды иеленген.

Актер "Сұлтан Сүлейман" телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін және «Kara Sevda» телехикаясында басты рөлді сомдағаннан кейін елімізде ерекше танымалдыққа ие болған.

Бурак Озчивит 1984 жылы дүниеге келген. Бүгінде актердің басы бос емес. Ол 2017 жылы өзінің сүйіктісі, белгілі түрік актрисасы Фехрие Эвдженді өмірлік жары еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886967-burak-ozcivit-pen-ljl-sltankyzyny-birge-otyrgan-stinen-video-tarady/

pixel