Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін": Елбасы туралы жаңа фильмнің тизері шықты

Опубликовано:

Елбасы
Видеодан кадр: instagram.com/elbasy_nazarbayev

Бірінші желтоқсанда "Хабар" арнасынан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Портреттің штрихтары" көпсериялы деректі фильмінің премьерасы өтеді. Фильмнің тизері Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің Instagram парақшасында пайда болды.

Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Портреттің штрихтары" фильмінің бірінші бөлімі эфирге 1 желтоқсан сағат 21:40-та шығады. Көпсериялы фильм "Хабар" арнасынан көрсетіледі.

Көпшілікке жария етілген үзіндіде Нұрсұлтан Әбішұлы өз уайымымен бөліскен.

"Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін, саған да. Бұл азап кетпейді. Ауырған соң мен сонда әдейі бардым. Менің өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді", - дейді Елбасы жарияланған кадрларда.

Фильмнің режиссері журналист Айгүл Әділова болған. Картина Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілген.

"Портреттің штрихтары" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, әртістермен бірге Ақан серінің "Қара Торғай" әнін орындаған болатын.

Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886858-kdaj-mndaj-azapty-eskimge-sezdirmesin-elbasy-turaly-zaa-filmni-tizeri-sykty/

pixel