Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін құшағынан шығармай қойған Айқын елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасылық видеосымен жанкүйерлерін қуантты. Бір-бірін қатты құшақтап алған ерлі-зайыптыларға ел сүйсінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген жарымен бірге бүгінде Қырғызстанның астанасында жүр. Қос ғашық Бішкек қаласында су жаңа бейнебаянды таспалап жатқаны белгілі болды.

Өнер иесі өзінің кезекті махаббат туындысын келіншегіне арнап, оны тағы да өз клипіне түсіруде.

Көпбалалы әртіс Instagram желісінде асқан белсенділік танытып, оқырмандарына түсірілім барысындағы қызықтармен бөлісуде. Әнші жеке парақшасында әйелі екеуінің ерекше видеосын жариялап, елдің жылы лебізіне ие болды.

Бейнежазбада жұбайлардың бір-бірін қатты құшақтап алып, айналып жатқанын көруге болады. Видео соңында Жұлдыз Өмірғали ғашығын бетінен сүйеді.

Жұлдызды жұптың махаббатқа толы сәті желі қолданушыларды тәнті етіп, көпшілікті сүйсіндірді.

"Ештеңеге қарамастан, бақытты болыңдар" , "Жұлдыз жақсы қыз, бақытты болыңдар. Балапандарың көбейе берсін" , "Сіздерді жақсы көремін. Жұлдыз сұлудың сұлуы ғой. Бағалаңыз" , "Екеуіңізді қаншама сынап жатса да, бәрін бірге еңсердіңіздер. Өте ризамын. Махаббаттарыңыз баянды әрі мәңгі болғай" , "Өте жарасымды жұп. Аман болыңыздар, өмірлеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыз бұған дейін карантин кезінде бала-шағасымен бірге Мысыр елінде демалып қайтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887646-jelin-ksagynan-sygarmaj-kojgan-ajkyn-eldi-tnti-etty-video/

pixel