Вирусты елемей Мысырға кеткен Айқын мен Жұлдыздың демалысы қалай өтуде (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали таныстықтарына бес жыл толуына орай, бала-шағасымен шетел асып кеткен. Өнер иелері атаулы күнді отбасымен Мысыр елінде тойлауды жөн көрген. Ерлі-зайыптылардың демалысы қалай өтіп жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан көре аласыздар.
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали өмірлеріндегі ерекше күнді қос перзентімен бірге атап өтті. Жұлдызды жанұя Шарм-Эль-Шейх қалашығындағы аса қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған.
Ерлі-зайыптылар күнделікті теңізге шомылып, Мысырдың таңғажайып жерлерін аралап жүр. Өнер жұлдыздарының демалысы аса белсенді қарқынмен өтуде. Олар тіпті тик-ток видеолар түсіріп, көпшілікке жаттығу қалай жасайтындарын көрсетті. Қос әнші демалыстағы бейнежазбалаын Instagram парақшаларынжа жариялап жатр.
Айқын мен Жұлдыз туричтік жолдамасы бойынша күні кеше елге оралу керек болған. Алайда, жұбайларға Мысырдағы демалысы қатты ұнап қалғаны соншалық, олар тағы үш күнге қалуды ұйғарған.
Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жақсы демалыс тілеп, пандемия кезінде барынша сақтанып жүруін сұрауда. Әншілердің жанкүйерлері олар үшін асқан алаңдаушылық танытып жатыр.
"Елге аман-есен оралыңыздар" , "Керемет естен кетпес демалыс болсын" , "Жақсы эмоциямен келіңіздер" , "Демалыс демалыспен пандемия ешқайда кеткен жоқ. Сақтанып жүргейсіздер" , - деп жазуда желідегілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыздың коронавирустың таралуына қарамастан Мысырға кетіп қалғанын жазған болатынбыз. Жұлдызды жұп демалысқа бала-шағасымен аттанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881612-virusty-elemej-mysyrga-ketken-ajkyn-men-zldyzdy-demalysy-kalaj-tude-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.