Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық келіншек "Әлем ханымы" байқауында бағын сынауда

Опубликовано:

Аяна Сұлтанбекова
Фото: www.mrsuniverseltd.com

"Әлем ханымы-2020" сұлулық байқауына Қайрат Нұртастың жарымен қатар, тағы бір қазақстандық келіншек қатысып жатқаны белгілі болды. Аяна Сұлтанбекова есімді ару хас сұлулар сайысында Қазақстан атынан емес, Орта Азия намысын қорғайды екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Әлем ханымы-2020" байқауының ресми сайтынан белгілі болды. Онда барлық қатысушы келіншектердің жеке анықтамасы мен фотолары жарияланған.

Жұлдыз Әбдікәрімованың сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайтыны көрсетілсе, Аяна Сұлтанбекованың Орта Азия атынан шығып жатқаны жазылды.

Қос қазақстандық келіншектің де жасы 32-де болып шықты.

Айта кетейік, аталмыш сұлулық байқауында дауыс беру осыдан үш күн бұрын бастау алған болатын. Бүгінгі күннің нәтижелері бойынша, барлық 84 қатысушының арасынан Қайрат Нұртастың әйелі топ жарып, тізімде көш бастап тұр.

Жұлдыз Әбдікәрімова үшін әзірге барлығы 31 024 адам дауыс берген. Ал оның отандасы Аяна Сұлтанбекова 843 дауысқа ие болған.

Қызығы, Жұлдыз Әбдікәрімованың сайттағы анықтамасында оны "Қазақстан ханымы" жүлдесінің иегері ретінде жазып қойған. Алайда, аталмыш отандық байқау осы жылы өткен де жоқ.

Еске сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова "Әйел ханымы-2020" байқауына Қазақстан атынан қатысатынын осыдан бірер күн бұрын ғана қалың көпшілікке жария еткен болатын. Ол барша отандастарынан қолдау күтіп, оған дауыс берулерін өтінген.

Алайда, желідегілер аталмыш байқауға Қайрат Нұртастың жары қатысатынына шүйлігіп шығып, оны сынап тастады.

Алғашықлардың бірі болып, Әбдікәрімованы танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақтап шықты. Ол Қайрат Нұртастың жары хас сұлулар додасында ел намысын қорғауға тұрарлық келіншек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887671-tagy-bir-kazakstandyk-kelinsek-lem-hanymy-bajkauynda-bagyn-synauda/

pixel