Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш карантин кезінде ұзату тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Балдан Бидаштың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Балжан Бидаш карантин кезінде ұзату тойын дүркіретіп өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кешью" тобының бұрынғы орындаушысының өміріндегі маңызды сәт - cырға салу, құдалық, ұзату Алматы қаласында болды.

Өнер иесінің ата-анасы қыздарының қуанышын үйлерінде өткізуді дұрыс деп тапқан.

Балжан Бидаштың таңдауы - атақты отандық әзілкеш, кино актері Жахан Отарғалиевке түскен.

Айта кетейік, әнші осыған дейін "Ресми түрде құттықтасаңыздар болады. Бұл әзіл емес. Стамбул бізді табыстырды" деп отау құратынын ресми түрде әлеуметті желідегі парақшасында мәлімдеген болатын.

Балжан Бидаштың ұзатуында қазақ эстрадасының танымал өкілдері, "Кешью" тобында бірге өнер көрсеткен бұрынғы әріптестері, кино және театр әртістері, жайдарман жұлдыздары, блогерлер, вайнерлер бой көрсетті.

Олардың қатарында Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жанай, Нұрболхан Шарапов, Жанел Макажан, Сара Амангелді, Елиза Берікқызы, Жұлдыз Өмірғали, Кеңес Әлімжан және тағы басқалар бар.

Өнер иесін "сыңсу" айтып, "Дариға шоу" театрының жетекшісі Дариға ханым шығарып салды.

Балжан Бидаштың өзі осыған байланысты пікір білдіріп, Жаным, алтын әпкетайым! Өзіңіздің қолыңыздан ұзатылғаныма ризамын! Сізді өте жақсы көремін. Бақытты болыңызшы әрқашан" деген жазба қалдырды.

Ал құсын қолына қондырған Жахан Отарғалиев болса, анасына берген уәдесін орындағанын, сүйіктісін өмір бойы еркелететінін айтып, сөз берді.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың мұсылманша некелерін қиғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888034-balzan-bidas-karantin-kezinde-zatu-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel