Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская 30 жасын Дубайда дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская 30 жасқа толуына орай, туған күнін ерекше атап өтті. Өнер иесі осы жылы жаңа жасын Біріккен Араб Әмірліктерінде жолдасы мен жақын достарының арасында тойлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская үшін 2020 жыл аса сәтті өтті. Актриса пандемияға қарамастан, бірнеше елді аралап, тұрмысқа да шығып үлгерді. Бал айынан жақында ғана оралған өнер иесі енді туған күніне орай тағы да шетел асты.

Бұл жолы ол барша отбасылық достарымен бірге Дубай қаласына аттанып, отыз жасын дүркіретіп атап өткен.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметовпен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне бірнеше өнер өкілдері де барған. Олардың арасында Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, Луина мен Артем Обуховтар, Сая Оразғалиева және тағы да басқалар бар.

Қызығы, актрисаның құрбылары қандай мереке, қандай ел болмасын, әрдайым бала-шағасымен қоса демалып жүре береді.

Айта кетейік, танымал әзілкеш Данияр Хизметов Стамбұл қаласында сүйіктісі Жәния Джуринскаяға үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған. Ол ғашығы екеуі үшін аса ерекше сәтке нағыз романтикалық жерді таңдаған.

Қазақстанға оралған бойда қос ғашық екі жақ ата-ананы таныстырып, кішігірім құдалық өткізді. Артынан олар тек ет-жақындарын жинап, мешітте некелерін қидырды.

Бұл шарадан кейін Жәния мен Данияр бірден Мысыр еліне бал айына жол тартты. Алайда, бұл демалысын да жас жұбайлар жалғыз өздері ғана емес, барша жақын достарының арасында өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888156-znia-dzurinskaa-30-zasyn-dubajda-drkiretip-atap-tti-foto-video/

pixel