Актриса Жәния Джуринская жолдасымен бал айына аттанды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Жақында ғана шариғат бойынша некесін қидырған Жәния Джуринская жолдасымен бал айына кетіп қалды. Жас жұбайлар коронавирус пандемиясына қарамастан Мысыр еліне жол тартуды ұйғарған. Алайда, ерлі-зайыптылар шетелге өздері ғана емес, отбасылық достарымен бірге кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жәния Джуринская жолдасы екеуінің бал айына аттанғанын өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлаған. Жас жұбайлар бірінен соң бірі өткен құдалық пен некелесу шарасынан кейін демалып қайтуды шешкен.
Олардың таңдауы бүгінде қазақстандықтар көптеп баоып жатқан Мысырға түсті. Белгілі актриса мен күйеуі әйгілі Шарм-Эль-Шейх қалашығындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған.
Қызығы, Жәния мен Данияр бал айына екеуі ғана емес, жұлдызды достарымен қоса барған. Олардың арасында Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, актриса Сая Оразғалиева, желі жұлдызы Мадлен мен атышулы Айжан Байзақованың інісі бар.
Қос ғашықтың қуанышын атап өту үшін шетел асқан қазақстандықтар Мысыр елінде жақсы демалыс өткізуде. Олар кемеде аса көңілді кеш ұйымдастырып, желіде түрлі видеолармен бөліскен.
Жас жұбайлар өз оқырмандарына ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетті. Олар белсенді түрде фото және видеоларды жариялап жатыр.
Еске сала кетейік, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметовтың тоқтаған қонақ үйінде тағы бір жұлдызды отбасы демалуда. Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали де өзінің ерекше атаулы күнін Шарм-Эль-Шейхта атап өтуді жөн көрген. Олар шетелге бала-шағасымен барған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881632-aktrisa-znia-dzurinskaa-zoldasymen-bal-ajyna-attandy-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.