Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан пандемия кезінде Дубайда демалуда (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан ұлымен
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан әлемде коронавирус пандемиясы жүріп жатқанына қарамастан, өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай шетелге шығып кетті. Эстрада жұлдызы отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан шетелге демалысқа жол тартқанын Instagram желісінде өзі хабарлаған. Өнер иесі жеке парақшасында барынша белсенділік танытып, оқырмандарымен ерекше байланыс орнатып алған.

Ол өзінің өміріне қызығушылық танытатын көпшілікпен соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар етіп отырады.

Бұл жолы да әнші ару желі қолданушыларынан еш жасырмай, Дубай қаласында демалып жатқанын айтып берді. Оған қоса, ол ыстық мекеннен фотоларын жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Ерке Есмахан бұл сапарына отбасымен барғанын алға тартты. Ол желіде өзі тоқтаған қонақ үйдің әсем жерлерін ел назарына ұсынып, қызықты мәлімдеме жасады.

Шоу-бизнес жұлдызы желідегілерге бірден бұл жаққа көшу ойында жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Дубайдың үйлері аса қымбат.

"Отбасыммен суықтан қашып, шуақты Дубайға келдік. Көшіп кеткен жоқпын, көшпейтін де шығармын, Дубайдан үй алайын десем, удай қымбат. Дубайдың жылы ауасы майдай жағып, біраз осында қалатын сияқтымын. Біз тоқтаған отельдің аурасы, қызмет көрсету сапасы, дәмді асы тіпті ғажап" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Жәния Джуринская 30 жасын Дубайда дүркіретіп атап өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888298-erke-esmahan-pandemia-kezinde-dubajda-demaluda-foto/

pixel