Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыным келеді": Ләйлә Сұлтанқызының өзіне неге көңілі толмай жүр

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақытта өзіне көңілі толмай жүргенін айтты. Ақпарат өкілі еріншектікке салынып бара жатқандықтан, өзіне жыны келіп жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instаgram желісінде ағынан жарылып, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Белгілі болғандай, тележүргізуші соңғы кезде еріншек болып бара жатқанын аңғарған.

Ақпарат өкілі бұған дейін ұйықтар алдында интернетті сөндіріп, кітап оқып жүрген. Ал бүгінде бұл әдетіне қайта орала алмай жүрген жайы бар. Сол себепті, ол өзіне қатты жыны келіп жүргенін де жасырмады.

"Жыным келеді өзіме. Бұрынырақта ұйықтар алдында вай-файды өшіріп, ұялы телефонды басқа бөлмеге қойып, кітап оқып, не аудиокітап тыңдап жататынмын. Қазір қалды жайына бәрі. Неге? Білмеймін. Еріншек болып бара жатқан сияқтымын. Тыңдауға жақсы бір аудиокітап айтыңыздаршы (көзімді отырғызбай-ақ қояйын) рақмет көп" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі өз өмірбаянын кітап ретінде жазып шығармақшы. Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі хабарлаған. Әнші өнер жолында тап болған қиындықтары туралы бар шындықты айтып, Павлодарда орын алған шулы оқиғаның қыр-сырын алғаш рет өзі ашып береді.

Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы "Әйел ханымы" байқауына қатысқалы жатқан Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованы жақтап шығып, оған өз қолдауын білдірді. Ол хитменнің келіншегі бұл додада ел намысын қорғауға әбден лайық деп айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888400-zynym-keledi-ljl-sltankyzyny-zine-nege-kili-tolmaj-zr/

pixel