Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова: Кейде көп нәрсеге көз жұмуға тура келеді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың жары желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Жұлдыз Әбдікәрімова "Әйел ханымы" байқауына қатысатынын хабарлағаннан кейін, желіде елдің сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында кезекті жазбасымен бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды.

Белгілі тележүргізуші бұл өмірде көп нәрсеге көз жұмуға тура келетінін айтып, көпшілікті ойландырып қойды. Желі қолданушылары хитменнің жары нені меңзегенін біле алмай әлек болды.

"Кейде көп нәрсеге көз жұмуға тура келеді: сен туралы айтқан ғайбатқа, өзге туралы айтқан өсекке. Қателеспесем, Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзі болуы керек (ұмытып тұрмын авторын) ғайбат, өтірік-өсекке қатысты былай деген еді: “Егер ол адамдыкі рас болса Құдай мені кешірсін, өтірік болса оны кешірсін" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайтынын хабарлаған болатынбыз. Бұл жаңалықты Қайрат Нұртастың әйелінің өзі жария етті.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлемдік деңгейдегі сұлулық байқауына қатысатынын хабарлағаннан кейін желіде оны сынға алған адамдар пайда болды. Олар белгілі хитменнің әйелі бұл сайысқа мемлекет атын қорғап баратынына түбегейлі қарсы екендерін жазған.

Желіде орын алған қызу талқыға куә болған Ләйлә Сұлтанқызы да Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысуы жайлы өз пікірін білдірді. Тележүргізуші Instagram парақшасында оны толығымен қолдайтынын айтып, ел намысын аталмыш додада қорғай алатын одан асқан әйел жоқ екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888621-zldyz-bdikrimova-kejde-kp-nrsege-kz-zmuga-tura-keledi/

pixel