Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева демалыс кезіндегі отбасылық суреттерімен бөлісті

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаева Түркиядағы демалысынан естеліктермен бөлісті. Өнер иесі жанұясымен түскен ерекше суреттерді жариялап, елдің жылы лебізіне бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева Instagram желісінде асқан белсенділік танытып, жолдасы мен қыздарымен Түркия елінде түскен фотоларын ел назарына ұсынды. Эстрада жұлдызы оқырмандарымен Аланияда өткен демалыстың бір бөлшегімен бөлісуді жөн көрген.

Көпбалалы әншінің жариялаған суреттерінде жұлдызды жанұяның теңіздің ортасында кемеде келе жатқанын көруге болады. Фотоларда өнер иесі, жолдасы және екі қызы бой көрсетті.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың балаларымен саяхаттап жүргеніне тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін жаудырған.

"Керемет отбасы, бақытты болыңыздар" , "Өте жарасымды жұпсыздар" , "Махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Көркем папасының касынан калмайды екен. Екеуі өзара ұқсайтын да сияқты" , "Кішкентай қыз папасын қатты жақсы көретіні көрініп тұр" , "Енді тағы да ана болуыңызды нәсіп етсін. Ұл балаларыңыз болсын" , "Алла тағала бақыттарыңызды ұзағынан қылсын" , "Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын" , "Ер азаматыңыз әрқашан тіреушіңіз болсын" , - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бұған дейін Түркиядан үй сатып алғанын хабарлап, көптеген отандастарының наразылығын тудырды.

Белгілі журналист Мөлдір Жанбаева шетелден үй алғанын жарнамалап шыққан жұлдыздарға шүйлікке болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889004-altynaj-zorabaeva-demalys-kezindegi-otbasylyk-suretterimen-blisti/

pixel