Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Анатолий Цойдың сүйіктісі кім (фото)

Опубликовано:

Анатолий Цой мен Ева
Фото: Starhit.ru

MBAND экс-солисі Анатолий Цой үшін өткен жыл сәттілікке толы болды. Әнші НТВ арнасындағы "Маска" шоуында жеңіске жетті. Ал шоу ресейлік телеарналарда соңғы жылдардағы ең танымал жоба ретінде танылды. Жақында Қазақстан тумасының жеке өмірінде де жаңалықтар пайда болды. Дәлірек айтқанда, 31 жастағы әртіс Стас Михайловтың өгей қызы Ева Канчельскиспен кездесіп жүр деп жазады Starhit.ru басылымы.

Басылымның мәліметінше, жастар мерекелік шаралардың бірінде танысқан, ал жазда Цой бойжеткенді "Одеяльная" әнінің бейнебаянына түсуге шақырған.

Осылайша, екеуінің арасында сезім ұшқыны пайда болған. Айта кететін жайт, Ева бейнбаянда ашық сахналарды сомдайды.

"Олар бір- біріне ұнады. Бірге жұмыс істеу өте ыңғайлы болды. Қазір олар уақытын бірге өткізіп жүр, бірақ ара-қатынастарын жұртқа жария еткен жоқ, тек туыстары мен жақын достары ғана хабардар. Толя барынша сезімін білдіріп жүр, ал Ева оны жанұясына - анасы Иннаға, танымал өгей әкесі Стас Михайловқа таныстырған. Әрине, олар осыған дейін де сахнадағы әріптес ретінде таныс болған", - дейді басылымға ғашықтардың таныстары.

Басылымның жазуынша, Ева сүйіктісі жол апатына түсіп, қолы мен аяғын сындырып алған кезде қасынан табылып, қолдау көрсеткен.

"Менің аяғыма пластина қойды, 11 жерден тікті. Екі ауыр ота жасаттым. Екі ай бойы оңалту курсынан өту қажет болды", - деген еді әртіс.

Анатолий Цой мен Ева
Фото: Starhit.ru

Соған қарамастан, Анатолий салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі шараларда бой көрсетіп, ән жаздыруды тоқтатқан жоқ. Жақында ғана әнші өздігінен жүре алатын болды.

Өз кезегінде Ева да шоу-бизнеске қызығушылық танытады, ол концерттер мен афтерпатилерде ата-анасымен бірге жүреді. Алайда, бұл салада жұмыс істеуге қызығушылық таныта қоймайды.

Цойдың сүйіктісі Лондондағы Корольдік колледжде білім алады. Пандемияға байланысты Мәскеу қаласындағы үйіне оралған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде отандық әнші Ерке Есмахан мен "Ninety one" тобының бұрынғы солисі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүр деген қауесет тарады. Әзірге қос өнер иесі де ақпаратты растаған жоқ.

Сондай-ақ таяуда белгілі әнші Балжан Бидаш пен актер Жаһан Отарғалиев некесін қиған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889080-nsi-anatolij-cojdy-sjiktisi-kim-foto/

pixel