Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзінен 9 жас кіші": Ерке Есмаханның "Ninety one" экс-әншісімен кездесіп жүргені рас па

Опубликовано:

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан
Фото: Instagram/primerqpop

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде отбасымен демалып жатыр. Алайда, белгілі болғандай, өнер иесі Дубайда тек жанұясымен ғана емес, "Ninety one" тобының экс-мүшесі Aзамат Зенкаевпен бірге уақыт өткізуде. Желіде қос әншінің суреттері тарап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желідегілер қос әншінің бірге демалып жүргеніне қарап, олардың қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүргенін болжады.

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың Дубайдағы суреттері НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасының ресми Instagram парақшасында жарияланды.

"Қайда" әнін орындаушы арудың жеке парақшасында жұлдыздарды бірге көргендерін айтып, пікір қалдырғандар да бар. Қалың көпшілік қос өнерпаздың бірге саяхаттап жүргенінің өзіне аса қатты таңғалған. ⠀ Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың жас айырмашылығы 9 жас. Әзірге шоу-бизнес жұлдыздары бұл қауесетке қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Олар желідегі ақпаратты не растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның коронавирус пандемиясына қарамастан Дубай қаласында отбасымен демалып жатқаны туралы жазған болатынбыз. Шоу-бизнес өкілі ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын желіде бөлісіп жүр.

Мемлекеттік шекара ашылғаннан бастап, өнер жұлдыздары бірінен соң бірі шетелге шыға бастады. Жақында ғана тұрмысқа шыққан актриса Жәния Джуринская Мысырдабал айын өткізіп, кейін отыз жасын тойлату үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен.

Қызығы, киножұлдыз бен оның жолдасы қай елге саяхаттап барса да, демалысын әрдайым отбасылық достарымен бірге өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889025-zinen-9-zas-kisi-erke-esmahanny-ninety-eks-nsisimen-kezdesip-zrgeni-ras-pa/

pixel