Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолдасына еркелеп тұрған Алтынай Жорабаева елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева күйеуімен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева жолдасымен табиғат аясында түскен ерекше суреттерімен бөлісіп, халықтың жылы лебізіне ие болды. Желідегілер ерлі-зайыптыларға тәнті болып, оларға деген ақ тілектерін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева ұзақ уақыттан бері жасырып келген жолдасын енді көрсетуден жалықпайды. Өнер иесі сүйіктісімен түскен фотоларын өте жиі жариялайтын болған.

Шоу-бизнес өкілі бұл жолы Instagram парақшасына күйеуі екеуінің фотосын жүктеп, оның астына ерлі-зайыптылардың арақатынасы мәселесін көтерген.

Көпбалалы ана өзін әрдайым ер азаматынан төмен ұстайтынын алға тартты.

"Негізі еркелеткенді барлық әйел жақсы көреді ғой ия? Анда-санда еркелегенде тұрған ағаттық жоқ деп ойлаймын. Керісінше әйел шабыттанып,одан сайын ерін құрметтеп, бойсұнады. Әйелін еркелетіп,өзін сыйлата білу- ер азаматтың ақылдығы. Ал менің ұстанымым “ерінен төмен бола білә, тек мықты әйелдің ғана қолынан келеді", Алла ұлық" , - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға тәнті болып, оларға жарыса бақыт тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева демалыс кезіндегі отбасылық суреттерін жариялаған болатын. Эстрада жұлдызы оқырмандарымен Аланияда өткен демалыстың бір бөлшегімен бөлісуді жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889269-zoldasyna-erkelep-trgan-altynaj-zorabaeva-eldi-tnti-etti-foto/

pixel