Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майра Мұхамедқызы "Отан" орденіне ие болды (фото)

Опубликовано:

Майра Мұхамедқызы
Фото: Instagram/mairaopera

Отандық танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы мәдениет саласындағы жетістіктері мен ерен еңбегі үшін "Отан" орденімен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалықты Майра Мұхамедқызының өзі Instagram парақшасында жария еткен. Мәртебелі жүлдені иеленген әртістің қуанышы қойнына сыймай, ол бұл жақсы хабарымен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.

Майра Мұхамедқызы өнері бағаланып жатқаны үшін аса қатты қуанып, әншілік жолында өзіне қолдау көрсетіп келе жатқан барша жұртшылыққа алғысын айтты.

"Отаныма келіп еңбек етіп, Отанымның ең биік марапаты "Отан" орденін кеудеме таққан ұмтылмас күн! Өнерімді бағалаған халқыма, мәртебелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, президенттіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Ақордаға, мәдениет және спорт министрлігіне, Астана опера театрына, маған тірек болған отбасыма, үнемі шабыттандырып отыратын оқырмандарыма басымды иіп алғысымды айтамын" , - деп ағынан жарылды әнші.

Желі қолданушылары бірден Майра Мұхамедқызын ерекше жүлдесімен құттықтап, оған деген жүрекжарды тілектерін жарыса жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін эстрада жұлдызы Тоқтар Серіковтың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болғанын хабарлаған едік.

Cонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваны да мемлекеттік наградамен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889528-majra-mhamedkyzy-otan-ordenine-ie-boldy-foto/

pixel