Жанар Айжанова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова алғаш рет мемлекеттік марапатқа ие болды. Өнер иесі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Айжанованың мәртебелі жүлдеге ие болғаны туралы оның өнердегі барша әріптестері жеткізген. Олар халық әртісінің өнер саласындағы еңбегі еленіп жатқаны үшін аса ерекше қуанып, оны алғашқы мемлекеттік марапатымен құттықтауда.
Алғашқылардың бірі болып әншінің жетістігі туралы Меруерт Түсіпбаева жария етті. Ол Жанар Айжанованың мәртебелі атаққа ие болғаны үші халықтан сүйінші сұраған.
Сонымен қатар, бірқатар өнер жұлдыздары өздерінің Instagram парақшаларында актрисаның жүлдесімен тұрған суретін жүктеп, оған деген ақ тілегін жаудырған.
Айта кетейік, осы жылы көптеген шоу-бизнес өкілдері өнер саласына қосқан елеулі үлестері үшін мемлекет тарапынан марапатталды.
Күні кеше ғана опера әншісі Майра Мұхамедқызы "Отан" орденіне ие болса, Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға "Құрмет" атты мемлекеттік награда табысталды.
Оған қоса, әнші Тоқтар Серіков те Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленгенін хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, бұған дейін Украинаны бағындырып келген отандық жас әнші Индира Еділбаева "Халық алғысы" марапатына ие болғанын жазған едік. Бойжеткен танымал "Украина дауысы" жобасының финалына дейін жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889533-zanar-ajzanova-kazakstanny-ebek-siirgen-kajratkeri-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.