RU

Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші Азамат Зенкаевпен тағы да көзге түсті (видео)

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмаханның жеке өмірі соңғы уақытта халық арасында қызу талқылануда. Желіде өнер иесінің өзінен 9 жас кіші "Ninety One" тобының әншісімен кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап, оның дәлел ретінде түсірілген видеолары жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев Дубай қаласында өткізген ортақ демалысы кезінде көптеген адамның көзіне іліккен көрінеді. Желіде қос ғашықтың Біріккен Араб Әмірлігінде бірге жүрген видеолары бірінен соң бірі жарияланып, толастар емес.

Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасына жүктелген соңғы бейнежазбада Ерке мен Азаматтың концертте бірге отырғанын көруге болады. Видеоға сүйенсек, өнер жұлдыздары қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабұровтың жеке кешіне қатысып қайтса керек.

Қос әншінің бірге жүргенін байқап қалған отандық блогер бірден оларды ұялы телефонының камерасына жасырын түрде түсіріп алған. Бейнежазбалардың бірінде Ерке Есмаханның ақсаңдап бара жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар, екі жұлдыз да бір-біріне сай, ұқсас стильде киініп алғанын атап өту керек. Олар спорттық стильді таңдап, ақ түсті бас киім киген.

Ерке мен Азаматқа тап болған желінің белсенді қолданушысы Зенкаевтан онымен суретке түсуге өтініш білдіреді. Алайда, "Ninety one" тобының экс-әншісі оған келісімін бермей, өз жөніне кетеді.

Айта кетейік, жақында халық арасында Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап, көпті қатты таңғалдырды. Әншілердің өзара жас айырмашылығы - тоғыз жас.

Қос тарап та аталмыш жаңалықты әзірге растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889981-erke-esmahan-zinen-9-zas-kisi-azamat-zenkaevpen-tagy-da-kzge-tsti-video/