Әйгілі "МузАрт" тобының тарайын деп жатқаны рас па
Жарияланған күні:
Келержылы қазақ эстрадасының көшін бастап тұрған "МузАрт" тобына 20 жыл. Тыңдармандар жүрегінен ерекше орын алатын музыкалық ұжым атаулы күнге орай үлкен концерт беріп, елді қуантпақ. Алайда, халық арасында бұл әйгілі үштіктің соңғы өнер көрсетуі болуы мүмкін деген сөздер айтылуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушылары 20 жылдық концерттен кейін "МузАрт" тобының тарайтынын болжап жазуда. Олардың сөзінше, келер жылы өтетін мерейтойлық концертте топ мүшелері халықпен қоштасып, әркім жеке шығарашылыққа кетпек.
Көпшіліктің қызу талқысына түскен мәселеге қатысты бірінші болып, Мейрамбек Бесбаев жауап беруді шешті. Өнер иесі бірден бұл ақпаратты жоққа шығарып, "МузАрт" тобының алдағы уақытта тарамайтынын кесіп айтты. Бұл туралы ол "Paparazzi" бағдарламасында айтты.
"Келер жылы "МузАрт" тобына 20 жыл болады. Соны тойлайтын боламыз. Елмен бірге болып, тыңдармандарымызды қуантпақ ниеттеміз. Ал айтылып жатқан сөздерге қатысты бұл әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ешкім тарайын деп жатқан жоқ. Оны кім айтып жүр өзі? Өнерде бұрынанн жүргендіктен мұндай өсектерге де үйрендік қой. Бір құлақтан шығарып, екінші құлақтан шығарып жібере саламыз.
Сол себепті, мұндай сөздерге сенбеңіздер. Әрине, біз жеке-жеке әнші болғаннан кейін, жеке шығармашылығымызды да қатар алып жүреміз. Жеке әндер де айтып жүреміз. Соған қарап пайымдап жүргендері шығар. Бірақ, біз келер жылы 20 жылдығымызға үлкен дайындықпен келсек деп отырмыз. Бұйыртса бірге жақсы жаңалықтарға жете берейік, - деп ағынан жарылды Мейрамбек Бесбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890125-jgili-muzart-tobyny-tarajyn-dep-zatkany-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.