Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Демалыңдар": Мөлдір Әуелбекова орамалын сөз еткендерді орнына қойды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова орамал таға бастағанын сынға алған қалың көпшілікке тағы да үндеу жасады. Өнер иесі оның киіну стиліне қарсылық білдіріп жатқандарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында елдің орамалға қатысты айтып жатқан толассыз сыни пікірлерінен мезі болып, оларға азулы жазбамен жауап қайтарды.

Шоу-бизнес өкілі көпшілікпен бұл тұрғыда жездесінің өзіне айтқан сөздерімен бөліскен. Ер адам жұлдызды балдызына халық алдында жабық киімі үшін ақталып, есеп бермеуін талап еткен. Ол өнер иесіне ешкімді тыңдамай, осы ұстанған жолынан қайтпауын айтқан.

"Әй, бал (балдыз) қыз! Неғып отчет бересің? Әуретіңді жауып жүргеніңе үшін бе? Не үшін? Образың әдемі, Аллаға шүкір! Сен дін ұстанғаның үшін кінәлі емессің! Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің! Алланың алдында күнәлі болмасаң, адамның алдында кінәлі болғаның дым да керегі жоқ! Сол себепті, ешкімге есеп берме! Осы бетіңнен қайтпа!" - деп, тым жақсы хабарлама жіберді жездекем! Сол үшін орамалыма қайта қайта қарсылық білдіріп, әр суретіме ерінбей қақсап жазып жүрген хэйтерлер терең демалыңдар" , - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова аса әсерлі жазба жариялаған болатын. Онда ол өнердегі бірқаар әріптестеріне ренішін білдіріп, оранғалы достарының қатары азайып кеткенін айтты. Алайда, әнші есімі мен сырт болмысы өзгерсе де, өзі өзгермегенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890139-demalydar-mldir-uelbekova-oramalyn-sz-etkenderdi-ornyna-kojdy/

pixel