Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егіздер": Ашық образды Жолдыбаевалар ерлерді өздеріне қаратты (видео)

Опубликовано:

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар
Фото: Instagram/kamshat__zholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар желіде кезекті видеосымен қызу талқыға қалды. Әпкелі-сіңілі арулардың ашық образдары көпшілікке ұнаймай, сыни пікірлерге ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында жаңа жылдық түсірілім қарсаңындағы сіңлісі екеуінің ерекше образдарын көрсетіп, елден оңбай сөз естіді. Қос ару мерекелік бағдарламаға бірдей киініп барып, көпшілікті өздеріне қаратқан.

Желіде жарияланған видеосда олардың қысқа әрі ашық ақшыл түсті көйлекпен баспалдақпен түсіп келе жатқандарын көруге болады. Жолдыбаевалар ерекше образдарымен айналасындағылардың назарын өздеріне аудартқан.

Ғаламторда олардың мінсіз мүсініне тамсанып, пікір қалдырғандың басым бөлігі ер азаматар болып шықты. Олар жұлдызды аруларға ғашық болып қалғандарын жазып, өз сезімдерін жарыса білдірген.

Алайда, Жолдыбаевалардың аталмыш бейнежазбасы барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір оқырмандар Кәмшат пен Алтынайдың образдарын аса ерсі санап, оларды аяусыз сынап тастады.

"Сұлу қыздар" , "Құтты болсын, екеуің де төстеріңді үлкейтіп алыпсыңдар" , "Ұят-ай жақсы көретін әншім еді. Болмаған екен. Үлкейген сайын ақыл кіріп, абыройын жабу керек" , "Ақыры болды, ашып тастамайсың ба бәрін? Не қызық қалды?" , "Нәпсім-ай, адамды қызықтырып" , "Ғашық болдым, ессіз сүйіп қалдым" , "Недеген фигура. Бірінен бірі асады" , "Мына образдар ұят қой, ерсі деп санаймын" , -деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890346-egizderasyk-obrazdy-zoldybaevalar-erlerdi-zderine-karatty-video/

pixel