Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытын тапты: 2020 жылы тұрмыс құрған отандық жұлдыздар кімдер

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/bidash_official

2020 жыл көптеген қазақстандықтар үшін коронавирус пандемиясының салдарынан сәтсіз өткенімен, бірқатар отандық жұлдыздардың бағын ашты десек те болады. Біраз уақыт бойы кездесіп жүрсе де, отбасын құруға қамданбай жүрген шоу-бизнес өкілдері карантин кезінде бірінен соң бірі некелерін қидырды. Олардық қатарында кімдер бар екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Балжан Бидаш

Карантин уақытында отбасын құрып, көпшілікті таңғалдырғандар қатарында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев көш бастап тұр. Қос жұлдыз Стамбул қаласында табысып, бір айда үйленуге бекінген.

Say Mo

Сонымен қатар, ашық образдарымен танымал атышулы әнші Say Mo да биыл қалыңдық атанды. Жас рэп орындаушы арудың жүрегін белгілі отандық актер Шәріп Серік жауап алған. Қос ғашық қараша айында некелерін қидырған.

Алайда, бүгінде жас жұбайлардың отбасында түсініксіз жағдай орын алуда. Say Mo енесінің кесірінен күйеуімен ажырасуға мәжбүр болып тұрғанын жазып, елді алаңдатты.

Say Mo мен Shakenti
Фото: Instagram/shakentii

Мөлдір Әуелбекова

"Кешью" тобында өнер көрсеткен әнші карантин уақытында екінші мәрте тұрмысқа шыққанын хабарлап, желідегілерді қуантты. Алайда, Әуелбекова жолдасы туралы қандай бір ақпаратпен бөлісер емес. Ол некесін қидырғаннан кейін желідегі бұрынғы суреттерін өшіріп, бүгінде басынан орамалды тастамайтын болған.

Динара Бақтыбаева

Отандық танымал актриса да осы жылы ақ көйлек киіп, сүйіктісімен бірге отбасылық өмірге қадам басты. Бақтыбаева өнердегі әріптестері секілді жолдасын көпшіліктен жасырмады. Ол ұсыныс жасалғаннан кейін ғашығы жайында бірқатар мәліметпен бөліскен. Қызығы, жас жұбайлар екі түрлі қалада бола тұра некелесіп алған.

Жәния Джуринская

2020 жылы қазақстандық кино саласының тағы бір жұлдызы Жәния Джуринская да тұрмысқа шықты. Оның таңдауы танымал шоумен Данияр Хизметовке түскен. Қос ғашық қарым-қатынастарын ұзақ уақыт бойы жасырып, карантин уақытында бұл құпияларын ашуды ұйғарған. Қос ғашық ресми түрде ерлі-зайыпты атанбай тұрып, он айдай уақыт бірге тұрған.

Айжұлдыз Адайбекова

Отандық танымал әнші Жанар Айжанованың шаңырағында да биыл қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесі жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбекованы ұзатты. Ол белгілі блогер Қыран Талапбектің жары атанған. Қос ғашық үш жылға жуық уақыт бойы қарым-қатынасарын жасырып келіп, карантин кезінде барлығын таңғалдырды.

Қыран Талапбек сүйіктісімен Стамбул қаласына саяхаттап барып, сол жерде оған үйленуге ұсыныс жасаған. Елге оралған бойда, Айжұлдыз өз үйінен ұзатылды.

Айжулдыз Адайбекова с родными. Фото:
Айжулдыз Адайбекова с родными. Фото:: Instagram/zhanar_aizhanova_official_fan

Сабина Алтынбекова

Отандық танымал волейболшы ару да бұл жылды сәтті аяқтады. Сабина Алтынбекова осыдан бірер күн бұрын ғана некесін қидырып, көпшілікті аса қатты таңғалдырғаны анық. Спортшының таңдауы Саят есімді азаматқа түскен.

Алтынай Жорабаева

2020 жыл Алтынай Жорабаеваның бағын ашқаны анық. Көпбалалы әнші өмірлік серігін кездестіріп, екінші рет тұрмысқы шықты. Өнер иесі бастапқыда жолдасын көпшілікке көрсетпей келсе, бүгіндеонымен түскен суреттерін жариялай беретін болған.

Ақерке Бүркітбай

Қалың көпшілікке "Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақерке Бүркітбай да биыл ресми түрде қалыңдық атанды. Әнші ару отандық эстраданың дүлділі Роза Рымбаеваның келіні болды. Әли Оқапов екеуі қарым-қатынастарын барынша жасыруға тырысқан.

Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбай, Роза Рымбаева
Фото: Instagram/revuenews

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891038-2020-zyly-trmyska-sykkan-zldyzdar-kimder/

pixel