Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ісмер едіңіз": Меруерт Түсіпбаева марқұм Берік Исмайыловты есіне алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева мен Берік Исмайылов
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева марқұм болып кеткен қазақстандық танымал дизайнер Берік Исмайыловты есіне алды. Өнер иесі желіде оған аса әсерлі жазба арнап, өз сағынышын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева өнер саласында аса жақын араласқан ағасы Берік Исмайыловтың өмірден өткеніне әлі де көніге алмай жүрген көрінеді. Дизайнердің мезгілсіз қазасы әншіге ерекше қатты әсер еткен.

Ол Instagram парақшасында марқұм туралы жиі жазба жариялап, оны есіне алып тұрады.

"Сансыз көйлек тігіп едіңіз. Ісмер едіңіз! Іскер едіңіз!! Шебер едіңіз! Иманды болыңыз, маэстро. Бұл көйлектің матасы “Ковалли, ”Италия". Ұлттық нақыштағы өрнектерден аумайды иа? Осы көйлекті дәл осылай пішкенде, семіз болып тұрмын деп тәлпіштенгенмін. Сол кезде Берік аға "сен не түсінесің" деп, өзінің фантазиясындағы эскизбен жасаған. Марқұм. Өмірден озған жақындарыма, “ марқұм” деп айту маған өте ауыр, бірақ айтуға тура келеді. Жаныңыз жәннәтта болсын, жақсы адам" , - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, Берік Исмайылов өткен жылы карантин уақытында қайтыс болды. Жетінші шілде күні белгілі дизайнердің мезгілсіз қазасы жайында ресми түрде жарияланды. Оның неден көз жұмғаны нақты айтылған жоқ.

Көптеген эстрада жұлдыздарын киіндірген сәнгер карантин кезінде қазақстандықтарға тегін бетперде тігіп таратып, игі іс істеген еді. Танымал дизайнер небәрі 51 жасында өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892236-ismer-ediiz-meruert-tsipbaeva-markm-berik-ismajylovty-esine-aldy/

pixel