Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау мерекесінде ән шырқамақ

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайберген жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденді ұлықтау апталығының ашылуына қатысатын болды. Отандасымыз мерекеде ән шырқап, Америка жұртшылығын тағы бір мәрте таңдай қақтырмақ. Аталмыш шара 17 қаңтар күні онлайн-форматта өтеді.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны бауырлас қалалар ассоциациясы – «Sister Cities International» ұйымы өткізеді.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпус та қатысады.

Бұл туралы Dimashnews.com сайтында хабарланды.

Коронавирус пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

"Sister Cities International" ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашушы іс-шараға қазақстандық әнші – Димаш Құдайберген қатысады.

Вашингтонда орналасқан «Sister Cities International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Сол кезден бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

70-жылға жуық тарихында «Sister Cities International» АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттердегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892289-dimas-aks-ty-zaa-prezidentin-lyktau-aptasyny-asyluynda-n-syrkamak/

pixel