RU

Тәуекел Мүсілім алғаш рет әке атанды

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет әке атанды. Шоу-бизнес жұлдызының жары оған ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілімнің ұлды болғаны туралы қуанышты жаңалықты оның жақын достары Instagram желісінде жарыса хабарлады.

Отандық тележүргізуші әрі актер Олжас Әлжанов Stories бөлімінде қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, өнердегі бауырының қуанышымен асыға бөліскен.

"Сүйінші қазақ еліне +1 палуан. МашАллах, қасиетті жұма күні" , - деп жазды ол.

Тәуекел Мүсілімді алғаш рет әке атануымен оның өнердегі ағасы Ерлан Бұхарбаев ерекше құттықтаған. Ол жас ата-анаға өз ақ тілегін жолдаған.

"Бүгін Інім ұлды болды. Шын жүректен Тәуекел мен Махаббатты құттықтаймын. Баланың бауы берік болсын! Еліміздің үлкен азаматы болып өссін" , - деп жылы лебізін білдірді Бұхарбаев.

Желі қолданушылары бұл көптен күткен жаңалыққа аса қатты қуанып, алғаш рет балалы болған жұлдызды жұпқа өз құттықтауларын жаудырды.

"Кішкентайдың бауы берік болсын. Өзіңіз секілді үлкен азамат болсын" , "Тәуекел сіз үшін қатты қуанып тұрмын. Қасиетті жұмада ұлды болыпсыз. Бұл керемет жағдай" , "Балаларыңыз көп болсын. Ұлыңыз сізге тартсын" , "Мүсілім отбасын шын жүректен құттықтаймыз. Бұл сәбидің дүние есігін ашуын барша қазақ елі асыға күтті ғой. Құтты болсын. Нәрестенің дені сау болсын" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892704-tuekel-msilim-algas-ret-ke-atandy/