Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатқа бөленіп": Сезімі туралы айтқан Ерке Есмахан қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Ерке Есмахан күліп тұр
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде махаббат туралы жазба жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі қолданушылары өнер иесінің сезімге толы сөздері кімге арналғанын біле алмай әлек болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан соңғы уақытта өзінің желідегі оқырмандарына барынша ашылып, өмірінде болып жатқан тың жайттармен бөлісіп жүр. Бұл жолы эстрада жұлдызы Instagram парақшасында махаббат жайлы жазбасын жариялап, көпшілік арасында қызу талқы тудырды.

"Мен сені жақсы көру үшін бүкіл әлемді жек көріп кеттім" депті Лермонтов ағай. Бірақ үйтіп қатты неғымай-ақ қойса да болады ғой. Біреуді жақсы көру үшін бүкіл әлемді жек көріп кеткені несі?! Жүрміз ғой тып-тыныш, ешкімге ештеңе демей-ақ, махаббатқа бөленіп. Лермонтов секілді емес, Ерке сияқты болыңыздар" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әншінің бұл махаббат сезімі кімге арналғанын білу мақсатында оны сұрақтың астына алды. Көпшілік әсерлі жазба "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев жайында болу мүмкін деп болжауда.

"Махаббатыңыз баянды болсын. Бақытты болыңыз" , "Махаббат әлемді құтқарады. Махаббат жасасын" , "Бұл жазбаны кімге арнап отырсыз? Махаббатыңызға екені анық. Бірақ, нақты кімге?" , "Жүрміз ғой тып-тыныш Эйзимен десеңізші" , "Азамат екеуіңіз бақытты болуға лайықтысыздар" , "Фокус-мокус Эйзимен", "Жазба Азаматқа арналған болып тұр ғой. Жастарға тек бақыт тілейік" , - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894492-mahabbatka-blenip-sezimi-turaly-ajtkan-erke-esmahan-kyzu-talkyga-kaldy/

pixel