Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басым бос": Құралай Анарбекова жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Фото: Instagram/kuralay_corich

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі шығармашылықтан қолы босамай, махаббатқа уақыт таппай жүргенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құралай Анарбекова НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сұхбат беріп, ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол қай уақытта тұрмысқа шығуға ниетті екенін айтты.

Бүгінде белгілі актрисаның басы бос болып шықты. Ол әзірге сүйіктісін кезіктіре алмай жүргенге ұқсайды.

"Ва-Банк" пен "Тойхана" фильмдерін бір уақытта шығаратын кезім еді. Сол кезде өзімнің жеке өмірімді дұрыстайын, ойланайын деген кезде карантин басталып кетті. Бәріміз үйде отырдық. Енді көрерміз болашақта тұрмысқа шығып жатармыз. Басым бос" , - деді Құралай Анарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ерке Есмахан желіде махаббат туралы жазба жариялап, көпшілікті қызықтырып қойған болатын. Желі қолданушылары өнер иесінің сезімге толы сөздері кімге арналғанын біле алмай әлек болды . Көпшілік әсерлі жазба "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев жайында болу мүмкін деп болжауда.

Қос жұлдызды бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі демалысы кезінде бірге көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894740-basym-bos-kralaj-anarbekova-zeke-miri-turaly-bar-syndykty-ajtty/

pixel