Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленген ұнады": Жахан Отарғалиев отбасылық өмірі туралы айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/bidash_official

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиевке отбасылық өмірі қатты ұнап жатқанға ұқсайды. Өнер иесі әрдайым жарын еркелетіп, оған деген сезімін білдіріп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев үйленгеннен кейін қандай күйде жүргенімен бөлісті. Белгілі актер шаңырақ көтергеніне аса қуанышты екенін жасырмады.

"Бадырағы, садырағы”, “Пұсанай” қысқасы маған үйленген ұнады. Балжан жүрегім, иншаАллах соңына дейін сезіміміз осындай болса екен" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Жұлдызды жұптың жанкүйерлері әзілкештің бұл сөздеріне тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырды. Олар Отарғалиевтің жарына деген ерекше қарым-қатынасын атап өтіп, оларға баянды махаббат тіледі.

"Керемет жұп, көз тимесін" , "Өте сүйкімдісіздер, бірге күшті жарасасыздар" , "Бақыттарыңыз ұзағынан болсын" , "Үлкен отбасы болуды нәсіп етсін. Сондай ақкөңіл жансыздар" , "Осы жұпты қатты жақсы көремін. Араларындағы махаббаттың шынайы екені көрініп тұр" , "Жахан күнде әйелін еркелетіп тұрады. Недеген еркек. Сіз сияқты азаматтар көп болса екен" , - деп жазуда халық.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш төртінші желтоқсан күні некелерін қидыртып, қалың көпшілікті таңғалдырған болатын. Өнер жұлдыздары кездесіп жүргендерін соңына дейін жасырып келген.

Бесінші желтоқсан күні Балжан Бидаштың ұзату тойы дүркіреп өтті. Думанды шара әншінің өз үйінде тек ет-жақындар үшін ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894888-jlengen-nady-zahan-otargaliev-otbasylyk-miri-turaly-ajtty/

pixel