Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі модель Кендалл Дженнер Димаш Әділетке қызығушылық танытты (фото)

Опубликовано:

Димаш Әділет
Фото: Instagram/dimashadilet

Әлемдегі ең танымал модельдердің бірі Кендалл Дженнер қазақстандық сері Димаш Әділетке қызығушылық танытты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық бизнесмен және Mensa мүшесі Димаш Әділет Instagram парақшасында Кендал Дженнер өзіне назар аударып, Stories айдарын көргенін айтты.

Айта кетейік, Кендалл Дженнер Forbes нұсқасы бойынша ең көп жалақы алатын модель, әлемдегі ең жас миллиардер әйел Кайли Дженнердің және әкесі жағынан Ким Кардашьянның сіңлісі.

Димаштың Instagram парақшасында 1,1 млн, ал Кендалл Дженнерде 148 млн жазылушы бар.

Димаш Әділет те, Кендалл Дженнер де 1995 жылы туған.

Димаш Әділет
Фото: Instagram/ dimashadilet

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Әділеттің жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалғанын жазған едік.

Ол елге оралған бойда келеңсіз жағдайға тап болғанын Instagram парақшасында айтып берген болатын.

Белгілі болғандай Димаш салмағы 16 келі болатын итін көтеріп, төмен түсіп келе жатқанда баспалдақтан құлап кеткен. Салдарынан аяғы қатты ауырып, өздігінен жүре алмай қалған. Ол тексерістен өту үшін 8 сағат ауруханада болған.

Сонымен қатар Димаш Әділет коронавирустан да емделіп шыққан болатын. Айтуынша, бастапқыда коронавирустың жеңіл белгілері байқала бастаған.

Ол кейін COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен бірнеше адаммен байланыста болғанын білген. Сөйтіп бірден өз дәрігеріне хабарласып, Женева қаласына ауруханаға тексерілуге барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895213-jgili-model-kendall-dzenner-kazakstandyk-dimas-diletke-kyzygusylyk-tanytty-foto/

pixel