Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық рэпер Jah Khalib үйленіп, әйелімен бірге ән жаздырды

Опубликовано:

Jah Khalib
Фото: Instagram/jahkhalib

Белгілі қазақстандық рэпер Jah Khalib отау құрды. Ол некесін 2020 жылдың жазында қидырған, алайда көп уақыт жасыруға тырысқан. Ал орындаушының әйелі өзімен бірге жаңа албомындағы бір әнін орындап шыққан.

Музыканттың нағыз романтикалық жұмысқа теңеген жаңа "Мудрец" мини-альбомы жарық көрді. Мини-альбомға "Я не прощу", "Талисман", "Моя Любовь (Ima mmi o)", "Во сне", "Воруй меня чаще", "Искал-Нашел" сынды алты туынды кірген. "Я не прощу" әнін рэпер әйелімен бірге айтады деп жазады The Flow.

"Отбасының қалыптасуының әртүрлі кезеңдері мен жанұялық қатынастардың негізін қалау туралы айта отырып, рухани, адамгершілік және ең бастысы шынайы махаббат тақырыбында ойлануды жалғастыра беремін",- деді ол.

Еске салайық, қазақстандық әнші Jah Khalib (ред: Бахтияр Мамедов) 2018 жылы Мәскеуде алғаш рет "Алтын граммофон" алған болатын.

"Керемет бақытты сезімдемін. Бізге қолдау көрсететін барлық адамға, барлық командаға, ата-анама алғыс айтқым келеді", - деген еді ол.

Ал 2019 жылы әнші Шымкент қаласы туралы ашық сұхбат берді.

"Бізде Шымкент деген қала бар. Қазақ пен өзбек менталитеті араласқан өте қызық қала. Қазақтар шын мәнісінде жауынгер халық. Бұрында олар барлығына бейімделген жауынгерлер, көшпенділер болған. Сөйтіп өзбек халқы қосылып, сонда тұратын адамдар кәсіпкерлікпен айналыса бастады.

Осы себепті де біздің елде Шымкент халқын көбі жақтырмайды. Өйткені, бұл адамдар басқаларға қарағанда барлығына машықтанған, тез қимылдайды, жұмыспен айналысады, кәсіпкерлікке жақын, пысық келеді. Олар бүкіл Қазақстанды толтырды", - деді Jah Khalib.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895232-kazakstandyk-reper-jah-khalib-jlenip-jelimen-birge-n-zazdyrdy/

pixel