Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майор шенімен зейнетке шыққан Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров
Досымжан Таңатаров. Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov

Әнші Досымжан Таңатаров Жастар театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары қызметіне Досымжан Қарпықұлы Таңатаров тағайындалды", – деп жазды Жастар театры Instagram-дағы парақшасында.

Оған қоса, әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жұмысқа кірісіп кеткенін мәлім етті.

"Биссмиллах деп жұмысты бастап кеттік. Жылы сөздеріңізге, сын пікірлеріңізге, сенім білдіріп қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет", – дейді Досымжан Таңатаров.

Еске салсақ, бұған дейін әнші президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлаған болатын.

Досымжан Таңатаров 2000 жылы Тараз қаласынан Нұр-Сұлтанға республикалық Ұлан президент оркестріне арнайы шақыртумен келген. Содан бері оркестрдің құрамында әнші болып қызмет еткен.

Оркестрдің толық құрамымен бірге 2015 жылы "Қазақстан" орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін берген. Бір жылдары оркестрдің көркемдік жетекшісі де болған.

"Өнер биігінде өзімді қалыптастыруға, танымал болуыма, жалпы азамат болуыма осы ортаның берген көмегі көп болды", - дейді әнші.

Айта кетейік, Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

2008 жылы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығын алған, 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895776-major-senimen-zejnetke-sykkan-dosymzan-taatarov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel