Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсін айқара ашқан Алтынай Жолдыбаева желіде қызу талқыға қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде кезекті ашық фотосымен бөлісіп, ерлер қауымын естен тандырды. Мінсіз мүсінді өнер иесінің суреті бірден көпшіліктің қызу талқысын тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева өз оқырмандарын тағы да жаңа суреттермен қуантты. Бұл жолы танымал актриса кезекті фотосессиясының нәтижесімен бөліскен.

Алайда, оның жариялаған суреттері желідегілердің барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі шоу-бизнес сылқымының мінсіз мүсініне тәнті болып жатса, енді бірі оны тым ашық образы үшін сынап тастады.

"Өте сұлу қыз. Сізге ғашық болмау мүмкін емес" , "Недеген ерекше образ" , "Кардашьяндар қасыңызда тұрмайды. Сіз олардан асып түсесіз" , "Суретті қарағандар макияжды соңынан ғана байқаған шығар" , "Кеудесін айқара ашып не көрінді? Ұят қайда?" , "Қазақ қыздарының осындай образдарына жыным келеді. Біздің салт-дәстүрімізге қайшы ғой" , "Төсін өсіріп, тату жасатып жүргенің болмады" , "Не болып кеткенсіз" , "Кеудеңізді кімге көрсете алмай жүрсіз?" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Жәния Джуринскаяның купальниктегі суреті желіде қызу талқы тудырған болатын. Жақында ғана тұрмысқа шыққан сылқым бұл образы үшін елден оңбай сөз естіді. Көпшілік оның бұл әрекеті жаңа түскен келінге сай емес екенін жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896893-tsin-ajkara-askan-altynaj-zoldybaeva-zelide-kyzu-talkyga-kaldy-foto-video/

pixel