Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев өзіне сәлем айтқан әжейді тауып, онымен сөйлесті (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әжеймен сөйлесіп отыр
Видеодан кадр: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өзіне әлеуметтік желі арқылы сәлем жолдап, тез сауығып кетуін тілеген әжеймен сөйлесті. Өнер иесі ғаламторда тарап кеткен видеоға жүрегі елжіреп кеткенін айтып, қарт ананы іздеуге кіріскен болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі оқырмандарының арқасында видео арқылы өзіне сәлем айтқан әжейді іздеп тауып, онымен сөйлесті. Әнші зейнеткерге қоңырау шалып, оған өз алғысын білдірді. Қарт ана да өз кезегінде өнер иесіне тағы бір мәрте ақ тілегін жолдап, оған деген жылы лебізін жеткізді.

Мейрамбек Бесбаев әжеймен сөйлескен бейнежазбасын өзінің жеке парақшасында жариялап, елді сүйсіндірді.

"Анаңа қоңырау шалдың ба. Апамның ақ тілегінің жалғасы. Жүрегі кірлемеген, жаны жайсаң жандардың бары қандай тамаша. Көңілі таза адамның, тілі таза. Бес күндік жалған өмірде бір-бірімізбен сыйласып, жақсы көріп өткенге не жетсін. Аман болыңыздар" , - деген жазба қалдырды ол видео астына.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы ападан тұратын мекен-жайын анықтап сұрап алды.

Желі қолданушылары зейнеткердің ақ тілегі мен әртісті асқан қарапайымдылығына тәнті болып, аталмыш видеоға сансыз пікір білдірді.

"Жаны бар, жүрегі жоқ адамдар жайлаған әлемді мейірімділік пен қарапайымдылық қана құтқарады. міне, дәлел. Жүректі елжіреттіңіз, ақ жаулықты аналарымыз аман болсын", "Бір жылап алдық. Аман болыңыз,әже. Қазақтың Мейрамбегі, ауырма, жүз жаса", "Апамыз бала сияқты қуанды. Тілегі қабыл болсын" , "Мына видеодан ерекше әсер алдым. Сондай жылу сыйлады" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бесбаев желіде өзіне батасын беріп, сауығып кетуін тілеген әжейді іздестіріп жатқанын айтқан болатын. Қарт ананың видеосы әншіге ерекше әсер еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897761-meirambek-besbaev-ozine-salem-aitqan-azeidi-tauyp-onymen-soilesti-video/

pixel