"Димаштың атын алаяқ пайдалануда": Әншінің әкесі мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Қазақстан атын әлемге танытқан Димаш Құдайбергеннің төңірегіндегі әңгіме толастар емес. Жақында әншінің арғы тегі қырғыз екенін айтып, көпшілік "сүйінші" сұраған болатын. Димаштың әкесі барлық түп-тамырын тарқатып, қырғыздарға қатысы жоқ екендігін айтқан соң тағы бір шу басталды. Енді көпшілік әншінің Америкаға көшетінін айтып, жар салуда. Осы орайда, Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында журналистерге өкпесін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қос үйді қоса қондырмайтын "журналистер", әңгіменің өңін айналдырып, "Самарқанды су алдыруды" қашан қоясыңдар? Ұят деген бар ма сендерде?" деп жазды Қанат мырза Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Осы орайда, Айтбаевтың жазбасына төрт жүзден аса пікір түскен. Оның арасында әншінің әкесі Димаштың АҚШ-қа барып қайтамын деген сөзінің мүлде басқа мағынаға ие болғанын айтады.
Ал көпшілік пікір білдірушілер ақпараттың рас-өтірігін тексермеген журналистерге өкпелі.
Сондай-ақ, Қанат Айтбаев ұлының атынан әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, ұтыс ойнатқандарға сенбеуге шақырды.
"Димаштың атынан күнде бір алаяқ эфир жүргізуде. Сенбеңіздер! Димаш ешқандай ұтыс ойнатқан емес, ойнатпайды да! Алданып қалмаңыздар", - деп жазады әншінің әкесі.
Желіде көрсетілген скриншотта Димаштың алғашқы 1000 адамға 10 мың доллардан беретіні жазылған.
Еске сала кетсек, осыған дейін әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген MTV USA телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-қа жол тартуды жоспарлап отырғанын айтып, ағынан жарылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898557-dimastyn-atyn-alayaq-paidalanuda-ansinin-akesi-malimdeme-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.