RU

Төсін өсіріп алған америкалық рэпер тыңдармандарын әбігерге салды (фото, видео)

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық рэпер Лил Настың Twitter-де жариялаған суреті жанкүйерлері арасында үлкен пікірталас тудырды. Ол өзінің төсін үлкейтіп алғанын айтып, "мақтанған" деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттен ер адамның әйелдер секілді төсін үлкейтіп алғаны байқалады. Ал анықтап қараған жан мұның графикалық редактордағы арнайы фильтр көмегімен жасалғанын тез түсінеді.

Десе де, тыңдармандардың басым көпшілігі әншінің төсін өсіріп алғанына сенімді. Өйткені, ер адамның төсі суреттен шынайы көрінеді.

Егер әншінің видеосын анықтап қараса, төстің түсі Лил Настың терісінің түсінен әлдеқайда ерекше екенін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық танымал актриса Фарема Қазақпаева ашық образдарымен тағы да ел сынына ұшарады. Қалың көпшілік кеудесін ашып суретке түсен арудың әрекетіне шүйлігіп шыққан болатын.

Сонымен қатар отандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева да әлеуметтік желіде кезекті ашық фотосымен бөлісіп, ерлер қауымын естен тандырды.

Одан бөлек, Жәния Джуринскаяның купальниктегі суреті желіде қызу талқы тудырған болатын. Жақында ғана тұрмысқа шыққан сылқым бұл образы үшін елден оңбай сөз естіді. Көпшілік оның бұл әрекеті жаңа түскен келінге сай емес екенін жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898571-tosin-osirip-algan-amerikalyq-reper-tyndarmandaryn-abigerge-saldy-foto-video/