Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова: Әкеммен 30 жылдай араласпадым

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Фото: Instagram/asselsadvakassova

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова желіде кезекті жазба жариялап, бұл жолы оқырмандарына өзінің отбасы жайлы бар шындықты айтып берді. Киножұлдыз ата-анасы ажырасып кеткен соң, әкесімен тек 30 жылдан кейін ғана көріскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Cәдуақасова жанкүйерлеріне берген уәдесінде тұрып, әлеуметтік желідегі парақшасын қолға алған. Өзінің өміріне қатысты көптеген мәліметтермен жиі бөлісіп тұруға сөз берген актриса бұл жолы ата-анасы мен балалық шағы туралы жан сырын ақтарған.

Өнер иесі өзінің кішкентай кезін есіне алып, әкесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Оның сөзінше, ата-анасы ажырасып кеткен соң, әкесі мен қызы байланысын үзіп алған. Белгілі болғандай, олар араға отыз жыл тастап, жақында ғана қайта көріскен.

"Бүгін отбасым туралы айтып беремін. Мен Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Алайда, біз бірден солтүстікте орналасқан кішкентай Жітіқара қалашығына көшіп кеттік. Ол жерде мен 15 жасыма дейін тұрдым. Анам бала кезімнен бастап, менің бойымдағы әртістік қасиеттерді, табиғи шапшандықты байқаған. Сол себепті, мен университет таңдарда Қостанаймен шектелмейтінімді түсініп, 7-8 сынып оқыған шағымда Алматыға қоныс аударды. Анам үнемі көп жұмыс істейтін. Сол себепті, мен әжемнің қолында өстім. Ол менің шексіз махаббатым. Әжем маған ешкімге ұрысуға рұқсат бермейтін.
Тіпті анам маған қатты сөйлесе, оны орнына қойып тастайтын. Мектепке дейін мен онымен бірге жеке үйде тұрдым. Қала сыртында, достарым қаз, қошқар, тауық болатын, мен кешке серуендеп, сиырлармен кездескенді, қаз жайғанды ​​ұнататынмын. Қысқасы, балалығым осылай қамсыз өтті. Ол бес баланы өзі тәрбиелеген өте күшті әйел болды. Әжем мені қарлы боранға қарамастан музыка үйірмесіне апарды, биге қатыстырды. Кішкентай кезімде маған үй жинап, тамақ жасатпайтын. Соған орай, мен әлі күнге дейін бәрін қалай жасау керектігін білмеймін " , - деді Әсел Сәдуақасова.

Сонымен қатар, актриса ата-анасының қарым-қатынасы туралы айтып берді. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар қыздарының кішкентай болған кезінде ажырасып кеткен.

"Менің тәрбиемде жақсы оқып, курстар мен өзім жек көретін музыкалкаға қатысу басты шарт болатын. Алайда, мен бәрін тастауға дайын болғанда, оған жол бермеген анама бүгін рахмет айтамын. Менің ата-анам ерте ажырасып кетті. Бірақ, мектепке дейін әр жаз бойы мен басқа әжеме барып тұратын едім. Ол да мені сондай қатты жақсы көрді. Ол жерде де түрлі қызықтар болды. Алайда, мен мектепке барған кезде ата-анам түбегейлі айырылысып кетті. Нәтижесінде мен әкеммен өткен жылға дейін араласпай келдім. Біз отыз жылдан кейін көрістік. Өткен жылы мен онымен танысқым келіп, біз таныстық. Ол туралы келесі жазбамда айтып беремін" , - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899251-asel-saduaqasova-akemmen-30-zyldai-aralaspadym/

pixel