"Say Mо-ның аяғы ауыр ма": Әншінің бұрынғы жолдасы пікірін айтты
Жарияланған күні:
Қаңтар айында ажырасып тынған Шәріп Серік пен Мөлдір Есембектің махаббат жыры әлі де ел аузында. Атышулы Say Mo өзінің жүкті екенін меңзеп, ел талқысын одан бетер өршітіп жіберді. Бұған қатысты тіпті оның бұрынғы күйеуі де пікір білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актер Шәріп Серік жеке өмірі мен экс-жұбайына қатысты алғаш рет пікір білдіріп, оған қатысты өз ойын айтты. Жақында ғана ажырасып кеткен өнер иесі "Алматы" арнасындағы "Paparazzi" бағдарламасының тілшілерімен ұялы байланысқа шыққан.
"Жоқ, үлкен рахмет. Іске асыруды ойласам да, оның қашан және қалай орын алатынын білмеймін., нақты айта алмаймын. Сол себепті, әзірге бұл жайында ешқандай пікір білдірмеймін" , - деп қысқа жауап қайырды актер.
Шәріп Серік журналистердің қоңырауына жауап бергенімен, сәтсіз аяқталған некесі мен бұрынғы жұбайы туралы айтуға әзірге дайын емес болып шықты. Алайда, болашақта бұл тақырып аясында сұхбат беріп қалуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Айта кетейік, атышулы Say Mo мен Шәріп Серіктің қарым-қатынасы жайлы қалың көпшілік өткен жылдың қазан айында ғана білді. Белгілі актер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, халықты таңғалдырған болатын.
Ал 20 қараша күні жұлдызды жұп мешітте мұсылман жолымен некелерін қидырып, ерлі-зайыпты атанды.
Алайда, жас жұбайлардың құрған шаңырағы көп ұзамай шайқалды. Мөлдір Есембек әлеуметтік желіде енесінің кесірінен жолдасымен ажырасқалы жатқанын хабарлады. Ол күйеуінің анасы туралы өз ойын ашық білдіріп, оқырмандарымен бөлісті.
Нәтижесінде ерлі-зайыптылар қаңтар айында ресми түрде ажырасып кетті.
Сонымен қатар, жақында Say Mo желіде іші шығып тұрған суретін жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Көпшілік әншінің аяғы ауыр деп болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899603-say-mo-nyn-ayagy-auyr-ma-ansinin-buryngy-zoldasy-pikirin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.