Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Мәди: Марапатты әркімге бере берсе, ол құнын жоғалтады

Опубликовано:

Санжар Мәди
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Санжар Мәди әртістерге беріліп жатқан мемлекеттік наградаларға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өзі қанша марапат алып жатса да, оны қалың жұртшылыққа жария салмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Санжар Мәди соңғы уақытта мемлекеттік марапатты алмаған жұлдыз қалмағанын алға тартты. Алайда, бұл жайт белгілі актердің көңілінен шықпайтын көрінеді. Оның айтуынша, жоғары дәределі наградаларға сол салада көптеген жылдар бойы еңбек етіп жүргендер алуы тиіс. Ол неғұрлым атақ бәріне беріле берсе, соғұрлым өз құнын жоғалтады деп есептейді.

Киножұлдыз бұл мәселеге қатысты өз ойын "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Мен ешқашан "маған марапат беріңдер" деп сұраған емеспін. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атандым. Бірақ, мен бұл жайында еш жерде айтпаймын, жазбаймын. Мені солай атауға да рұқсат бермеймін. Бастысы ол марапат менде бар. Ол үйде шаң басып жатыр.
Мемлекеттік марапатты семен қатар, бұл салада енді ғана өзін көрсетіп келе жатқандар алғанда бір түрлі болып қаласың. Мәселен, мен кинода жүргеніме 10 жылдай уақыт өтті. Ал атақты әркімге бере берсе, ол өз құнын жоғалтатын сияқты. Мен оны алмауым да мүмкін еді. Мен оған ренжімес едім. Меніңше, марапат дегенмен өз құнын сәл болса да жоғалтқандай" , - деді Санжар Мәди.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуды арман еткен әнші Анатолий Цой ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы өтініш-хат жазған болатын.

Оның бұл әрекетін эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова құптамады. Өнер иесі саханада 40 жыл жүрсе де, ешкімнен атақ сұрамағанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900577-sanzar-madi-marapatty-arkimge-bere-berse-ol-qunyn-zogaltady/

pixel