RU

"Отбасымда қиындықтар болды": Жұбаныш Жексенұлы шығармашылығындағы үзілістің себебін айтты

Жұбаныш Жексенұлы
Жұбаныш Жексенұлы. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы өнерден алыстап кетуінің себебін түсіндірді. Эстрада жұлдызы біраз уақыт бойы ел алдына шықпай, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартып жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұбаныш Жексенұлы шығармашылығындағы үзілістің не себепті орын алғанын НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді. Өнер иесі отбасындағы қиындықтар салдарынан сахнадан алыстап кеткен.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы карантин режимінің өзіне және шығармашылығына қалай әсер еткенін айтты.

"2018 жылы біздің отбасымызда бір қиындықтар болды. Сол жайттардың салдарынан шығармашылықтан да, ән айтуды қойып, сахнадан алыстаған кездер болды. Әр нәрседе қайыр бар. Карантин кезінде жанталасып, жарысып жүріп-тұруымыз тоқтады. Үйде, студияда отырып ойлануға уақыт табылды. Тапсырыс әндер емес, өз жүрегімдегі, өз көңілімегі айтқым келіп жүрген нәрселерді әлі де айтып жатырмын. Домбыраның сүйеумелдеуімен дәстүрлі әндер жинағын жасау бұрыннан бері арманымда еді. Соны жақында іске асырсам деймін. Тағы бір алты ән болса, жинақты жарыққа шығаруға болады" , - деді Жұбаныш Жексенұлы.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желілерден көрінбей кетуінің себебін айтып, жанкүйерлеріне үндеу жолдаған болатын. Ол жақын арада қалың көпшілікті жаңа жобалармен қуантатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900863-otbasymda-qiyndyqtar-boldy-zubanys-zeksenuly-saxnadan-alystauynyn-sebebin-aitty/